Алматы – Ташкент тасжолында автобус жолаушылары эвакуацияланды
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
10.12.2024 09:24
436
10 желтоқсанға қараған түні Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары автобустағы 41 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы тасжолда автобус бұзылып қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жетіп, 41 жолаушыны, оның ішінде екі баланы Шақпақ ата ауылындағы ең жақын жылу пунктіне эвакуациялады.
Эвакуацияланған азаматтардың көбі - Ресейдікі, олар қазір басқа автобуспен діттеген жеріне жеткен. Эвакуацияланған жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда есірткі сатқан екі адам ұсталды