Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
27.06.2023 21:40
1022
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып
Осылайша, "Азимут" әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда жер сілкінді