Алматы қанша балдық жер сілкінісінде қирап қалады
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбековтің айтуынша, 7 балдан жоғар жер сілкінісі қала үшін қауіпті.
Бұл мәселеге қатысты сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - MСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай қирауы 7 балдан басталады. Сондықтан, Алматыда жер жағдайын ескере отырып, жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады, - деді ол.
Маманның айтуынша, 7 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.
2-3 балдан бастап - бұл ғимараттардың шамалы теңселуі, 4-5 балл - бұл сылақтың бүлінуі және басқа да зақымданулар. Бұл қауіпті емес, - дейді Нұрсәрсен Өзбеков.
Оқи отыңыздар:
- Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны рас па? Мамандар жауап берді
- Қазақстандықтардың жеке шотында қанша триллион теңге бары белгілі болды
Ол 7 балдан бастап барлық ғимараттарды жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек деді.