Жаңалықтар

Алматы қаласының Жетісу ауданында 25 су басу учаскесі жойылады

Алматы қаласының Жетісу ауданында 25 су басу учаскесі жойылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 01.07.2024 18:32 504

Алматы қаласының Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 7,5 км арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаеваның тапсырмасы бойынша тұрғын алаптар мен жолдардың су басуын болдырмау мақсатында қолданыстағы арық желілері су ағынына төтеп бере алмайтын немесе мүлдем жоқ 25 учаске анықталды.

Қазіргі уақытта Құлыншақ, Латиф Хамиди көшелері, Колпаковский көшесінен Пестковский көшесіне дейін; Серпін көшесі, Жанбота көшесі, Маңғышлақ көшесі, Быковский көшесі, Маяковский көшесі, Рысқұлов даңғылы, Гончаров көшесінен Есентай өзеніне дейін, Казаков көшесі, Крылов көшесі, Ниязбеков көшесі, Венецианов көшесі, Жетісу көшесі, Жангелдин көшесі, Жансүгіров көшесі, Серіков көшесі, Ратушный көшесінің қиылысы, Тоқтаров көшесі, Волочаевская көшесі бойындағы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, биыл Жангелдин көшесі, Коммунальная көшесі, Рысқұлов даңғылы, Уссурийская көшесінің қиылысы, Жұмабаев көшесі, Станиславский көшесі, 158 мекенжайы бойынша 6 учаскеде арық желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жалпы ұзындығы 1,7 км. жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады.

Аудан аумағында арық желілері жалпы ұзындығы 107 км 69 көшеде орналасқан, оның ішінде 3 км жасыл желектерді суару үшін пайдаланылады. Арық желілеріне су ағыны қаланың жоғарғы бөлігінен келеді.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнар Көкебаева 2020 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға