Бүгін Алматы қаласында бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 сағат 26 минутта ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Москвина көшесі, 7-үйге жоғары дәрежелі шақырту бойынша жіберілді.
Алғашқы өрт есептері 5 минутта келгеннен кейін, 2 мың шаршы метр қызыл жалын шарпыған қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, қойма құрылымдарының опырылып құлауы орын алды.
Жеке құрам арасында зардап шеккендерді болдырмау үшін өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеді.
Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, қоймаларды сөндіруге және көрші қоймаларды қорғауға оқпандар енгізілді.
13.18-де өрт сөндірушілердің күшімен күрделі өрт жойылды.