Алматы қаласынан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Жер сілкінісі 16:56-да тіркелген
Фото: Depositphotos
Фото: Depositphotos
02.04.2023 17:30
1259
Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.
Кезекші оператордың хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.
Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 8.2.
MPV магнитудасы – 3.6.
Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б.
Тереңдігі - 10 км.
МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды.
Бөлісу:
