Жаңалықтар

Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы бекітілді

Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы өтті
Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы  бекітілді
Фото: vsegda-pomnim.com 13.11.2022 18:35 1891

Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы барысында «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бекітілді, деп хабарлады El.kz  Алматы қаласының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Отырысқа Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Даму бағдарламасын дайындау кезінде қолданыстағы стратегиялық жоспарлар, халықаралық тәжірибе, әлемдік мегаполистерді дамыту қағидаттары зерделенді, қала өмірінің барлық салаларындағы ахуал талданды, сын-қатерлер ескерілді, тұрғындардың мыңдаған өтініштері өңделді.

Даму бағдарламасының базалық  қағидаттары - жайлы қалалық орта құру және Алматының барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

Даму бағдарламасында 7 негізгі бағыт айқындалған:

  • Жайлы қалалық орта;
  • Орнықты экономикалық өсу;
  • Басқарылатын урбандалу;
  • Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық;
  • Жасыл Алматы;
  • Смарт сити;
  • Қауіпсіз қала.

Отырыс барысында бағыттардың әрқайсысы туралы Алматы әкімінің орынбасарлары мен цифрландыру басқармасының басшысы толық баяндады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға