Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары қамалды
![Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары қамалды Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары қамалды](/storage/storage/element/2025/02/13/mainphoto/142358/1200xauto_UsoiA4N5fuRrGwuqTB321U9DADivmz1x1QJVmK6o.jpg)
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
13.02.2025 15:18
160
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экс-шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Белгілі болғандай, 29 қаңтарға қараған түні елорда полициясы Бабақұмаровтың Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында оның масаң күйде болғаны анықталды.
Сот оны 15 тәулікке қамап, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Бабақұмаров 2019 бен 2022 жылдар аралығында Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 2022 жылдан бері ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)