Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
15.08.2024 11:00
683
Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаева сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«16 тамыз жойқын жер сілкінісі болады» деген ақпарат тарады