Жаңалықтар

Алматы полициясы гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі

Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматы полициясы гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі
Фото: polisia.kz 06.10.2022 15:14 1199

Алматы полициясы гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 ҚР ҚПК-нің 128-бабымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сатуына сәйкес 31 жастағы Т.есімді азамат ұсталды.

 – Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Оның көлігінен рұқсат етілген тінту барысында өсімдік заты мен ерекше иісі бар бума табылды және тәркіленді. Кейін сараптама анықтағандай, бұл зат аса ірі мөлшердегі есірткі – гашиш болып шықты, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

 Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жедел уәкілдер есірткіні қамтамасыз ету арнасын анықтап, жоюы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға