Жаңалықтар

Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі

Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі
Фото: pixabay.com 18.07.2024 15:52 510

Құқық бұзушылар бұл тыйым салынған өнімдерді онлайн платформаларда сатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық тізбек келесідей болды: мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған.

Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылды.

Өткізілген іс-шаралар көрсеткендей, вейп жіберу орындары көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері барын мәлімдеді. Оның сөзінше, соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға