Жаңалықтар

Алматы полициясы 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды

Алматы полициясы 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды
Фото: ©El.kz/ Арман МУХАТОВ 04.02.2025 17:55 118

Алматы қаласының полиция департаменті 300-ге жуық мопедті ресми түрде есепке алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы көлік түрінің жұмысын ретке келтіру мақсатында 2024 жылы заңға түзетулер енгізілген болатын. Бұдан былай мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және заң талаптарын сақтауға міндеттеледі. Мопед иелері көлігін жеңілдетілген тәртіппен тіркей алады. ҚР ішкі істер министрлігі тіркеуге қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, мопедтің жақтауында жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеу жүзеге асырылады, - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Сондай-ақ полиция тіркеуге қажетті құжаттар тізімі көрсетілген ескертпелер таратып жатыр. 2025 жылдың 5 сәуірінде күшіне енетін заңға сәйкес мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Ал мопедті тіркеуден өткен және А1 санатындағы куәлігі бар жүргізушілер ғана тізгіндей алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға