Жаңалықтар

Алматы полицейлері қалта ұрыларын қолға түсірді

Алматы полицейлері қалта ұрыларын қолға түсірді
Фото: polisia.kz 27.02.2023 13:22 720

Алматы полицейлері қалта ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалта ұрылары қылмыс жасап болған соң ұсталды.

– Екі күдікті де Әуезов аудандық полиция басқармасының полицейлерімен және арнайы топ қызметкерлерімен ұсталды. 26 жастағы М. есімді азамат, 119-бағыттағы қоғамдық көлікте жолаушының IPhone телефонын ұрлап, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Оның тағы бір “әріптесі” 37 жастағы И. есімді азамат, 45-ші бағыттағы қоғамдық көлікте қылмыс үстінде ұсталды. Онда жас қыз ұялы телефонынан айырылып қала жаздаған. Күдікті оның Samsung телефонын ұрламақ болған, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі таңда екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға