«Алматы-Өскемен» жолында 18 көлік соқтығысты

Фото: ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол
15.01.2025 09:18
619
Оқыс оқиға таңертең сағат 07:30-дар шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырымында «Алматы-Қонаев» бағытында қалың тұман кезінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала белгілі болғаны жол апатына жүргізушілердің айнала көрінуі шектеулі кезде жылдамдық режімі мен қауіпсіз ара қашықтықты сақтамауы себеп болған, - деп мәлім етті «ҚазАвтоЖол» АҚ.
Алты жолақты жол құрғақ болған әрі жолда ешбір кедергі болмаған.
Жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда 200 келіден астам есірткі тәркіленді
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды