Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
31.08.2024 03:39
590
Құтқарушылар тауда туристерге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қарасай ауданында 18-19 жас аралығындағы үш жас турист Қасқабас тауынан түсіп бара жатқан кезде қандай да бір ірі жануардың дыбысын естіп, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тәуліктің қараңғы уақытына және үзілісті байланысқа қарамастан, Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы кинологиялық есептеудің көмегімен туристерді Проходное шатқалында тауып алып, қауіпсіз жерге алып барды, - делінген мәліметте.
Жас жігіттерге медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті