Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
01.07.2024 09:17
798
Бес адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристер аман-есен табылды. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа аса созылды, - делінген мәліметте.
Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
1 шілдеден бастап орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Келесі жаңалық
Алматыда әскерилер ағаш отырғызды