Жаңалықтар

Алматы облысының судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Алматы облысының судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Фото: pixabay.com 23.12.2022 13:14 1240

Алмакүл Түменбаева өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Талдықорған қалалық сотында Алматы облысы бойынша МСЭҚК судьясы Алмакүл Түменбаеваға, кәсіпкер П.-ға, сондай-ақ делдал А. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алмакүл Түменбаеваға алаяқтық жасады деген айып тағылды. П.- жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамға делдал арқылы қомақты мөлшерде пара беруге әрекеттенген. А. мен Ж. пара алу бойынша делдалдық еткен.

Сот, Түменбаеваның медиаторлар Ж. және Т.-ға көрінеу жалған ақпарат бергенін, оған сәйкес Алматы облыстық сотының апелляциялық сатысында оның шешімін өзгеріссіз қалдыруға ықпал ете алатынын анықтады.

ЖШС директоры П. делдал арқылы қомақты сомада 3 миллион теңге көлемінде пара бермек болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға