Алматы облысының өрт сөндірушілері 5 адамды құтқарды
Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр
26.10.2024 09:01
422
Алматы облысының өрт сөндірушілері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Қарасай ауданы Қаскелен қаласы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 адам өздігінен далаға шықты.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 300-ге жуық тұрғын баспаналы болды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты