Алматы облысының кадеттері мерейтойын атап өтті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
27.04.2025 17:37
359
Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен кадет сыныптарының ашылуының 10 жылдығына арналған салтанатты патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шара барысында кадеттер саптық дайындықтарын көрсетті, Алматы облысы ТЖД бастығымен нысанаға дәлдеу тактикасы және қарумен жұмыс істеу ережелерімен танысты. Құтқарушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәртіптің маңыздылығы, батылдық және кез келген төтенше жағдайда әрекет етуге дайын болу туралы айтты.
Кездесу өсу, бірлік пен болашаққа деген үміттің символы ретінде қабылданған ағаш отырғызумен аяқталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанайда төтеншеліктер Қырғызстан азаматына көмекке келді
Келесі жаңалық
Ақтауда «Эко Nomad» атауымен тазалық іс-шарасы өтті