Жаңалықтар

Алматы облысының еріктілері қайырымдылық ісіне ат салысты

Алматы облысының еріктілері қайырымдылық ісіне ат салысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 01.05.2024 23:53 480

Бүгін Алматы облысының волонтерлері жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, 500-ден астам ардагер мен жалғызбасты қарттарға барып, үйлерін қалпына келтіруге және абаттандыруға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Игі істер акциясын жалғастыру барысында, облыстық Ассамблея жастары әлі де су тасқынымен күресіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысына 25 тонна гуманитарлық көмек және құрылыс материалдарын жолдады. Бұған дейін Алматы облысы зардап шеккен өңірлерге 300 тоннадан астам көмек жіберген болатын.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өңірлерде «Таза Қазақстан» акциясына 5000 волонтер жиналып, жалғызбасты зейнеткерлерге үй қызметіне көмектесіп, ауласын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға