Жаңалықтар

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті
Фото: parlam.kz 20.02.2025 10:55 493

Мемлекет және қайраткері, сенаттың экс-депутаты, Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды сенатор Жанболат Жөргенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Қоғам және мемлекет қайраткер, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін. Аңсар Тұрсынханұлы еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастап, Қазақстан парламенті сенатының экс-депутаты, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарып, облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген ардақты жан еді. Өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік замандасымыздың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді. Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда. Марқұмның жасаған жақсылықтары сауаптан жазылсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпақтарына және жақын туыс-бауырларына ұзақ өмір, амандық тілеймін. Жаратқан ұрпағына ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Асыл азаматтың иманы саламат болсын!, - деп жазды сенатор Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Аңсар Мұсаханов 2011-2014 жылдары Алматы облысының әкімі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға