Алматы облысындағы колледжде бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
30.11.2022 15:02
1015
Алматы облысы Полиция департаментіне 30 қараша күні сағат 12:10-да кезекші бөлімге М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде бомба туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ПБ-ға тіркелді.
Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады.
Бөлісу:
