Жаңалықтар

Алматы облысындағы «G4 City» жобасына инвесторлар тартылады

Алматы облысындағы «G4 City» жобасына инвесторлар тартылады
Фото: t.me/KZgovernment 28.09.2023 09:39 832

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетейік, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қалаларының аралығындағы интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады:

Gate – іскерлік және қаржылық орталық;

Golden – білім беру және медицина салалары бойынша хабтар;

Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар;

Green – туристік кластер.

Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың га болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға