Жаңалықтар

Алматы облысындағы демалыс аймағында контейнер өртенді: зардап шеккендер бар

Алматы облысындағы демалыс аймағында контейнер өртенді: зардап шеккендер бар
Фото: ҚР ТЖМ 28.02.2024 23:35 748

2024 жылғы 28 ақпанда сағат 13:48-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданының Байсерке ауылында «Африка» демалыс аймағының аумағында жалпы ауданы 66 шаршы метр болатын контейнердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, өрт сағат 14:29-да оқшауланып, сағат 14:34-те жойылды.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт салдарынан 1969 және 1978 жылдары туған екі азамат орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға