Жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.04.2025 17:51 172

Қайғылы оқиға 22 сәуір күні күндіз Алматы - Бішкек тас жолының 86-шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Range Rover маркалы жол талғамайтын көлікпен келе жатқан 22 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, жол жиегіне шығып кеткен, салдарынан көлік аударылып қалған.

Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханада көз жұмды, - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға