Жаңалықтар

Алматы облысында жауыннан кейін бір ауылды су басу қаупі туындады

Алматы облысында жауыннан кейін бір ауылды су басу қаупі туындады
Фото: El.kz 07.07.2023 13:56 1386

Алматы облысына қарасты Кеген ауданында толассыз жауған жауын салдарынан тасқын болу қаупі туындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше күндізгі сағат 18.35-тен 19.35-ке дейінгі аралықта Кеген ауданының Саты ауылында, ұлтарақ орталық көшесінде нөсер жауын-шашын мен бұршақтың салдарынан көлбеу ағын орын алған. 

Су ағыны Ұлтарақ орталық көшесінің бойымен өтіп, қолданыстағы арық жүйесі су ағынын өткізіп үлгере алмағаны белгілі болды. Соның салдарынан көшелерді су басып кетті. 

Табиғат апатынан қайтыс болғандар, зардап шеккендер мен нысандардың қирауы секілді оқыс жайттар орын алған жоқ. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, тұрғын үйлерді су басқаны туралы ешқандай дерек тіркелмеген. 

Кеше сағат 20.00-де жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Қазселденқорғау ММ күштері мен құралдары барып, жағдайды жіті бақылауға алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға