Алматы облысында заңсыз сатуға арналған 2 млн қорап темекі жойылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
02.08.2023 10:04
1257
Алматы облысында акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойма анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құраған.
Оқи отырыңыз:
- Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз елге қайтады
- Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің ісін әкім бақылауына алды
Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды, - делінген мәліметте.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды