Жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз алкоголь мен темекі өнімдері тәркіленді

Алматы облысында заңсыз алкоголь мен темекі өнімдері тәркіленді
Фото: polisia.kz 06.03.2023 14:39 818

Полиция қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында 7,6 мыңнан астам заңсыз алкоголь мен 4119 қорап заңсыз темекі өнімін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 ақпанда көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы ПД ҰҚҚКБ және Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан үш қоймадан 7668 заңсыз алкогольдік тауар тәркіледі.

19 ақпанда көліктегі ПД ҰҚҚКБ және Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Алматы облысының Көксай ауылында орналасқан қоймадан 4119 қорап темекі тауарын анықтап, тәркіледі.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-бөлігі (Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесінде орай жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға