Жаңалықтар

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді
Фото: Алматы облысының әкімдігі 28.04.2025 22:14 106

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, “Ұлы дала жорығы” жобасы 2022 жылдан бастап өтіп келеді. Алғашқы жорық Астанадан Түркістан қаласына дейінгі 1200 шақырымды құрайтын маршрутпен өткен болатын.

Алматы облысында “Ұлы дала жорығы” 2025 жылғы 9 - 14 мамыр күндері өтеді деп күтіліп отыр. Бұл марафон-бәйге халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, бірқатар елдің шабандоздарының басын біріктірмек.

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі 500 шақырым қашықтықта Алматы облысында өткізілуі жоспарланған. Марафон-бәйгеге қатысуға 15-ке жуық мемлекет қатысады. Олардың қатарында Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан секілді елдің шабандоздары бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға