Жаңалықтар

Алматы облысында ТЖД қызметкерлері үш кәмелетке толмаған баланы құтқарды

Балалар ересектердің қарауынсыз қалған
Алматы облысында ТЖД қызметкерлері үш кәмелетке толмаған баланы құтқарды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 19.02.2023 06:01 1235

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері үш кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

18 ақпанда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Аманат» мал базарының сыртқы жағында арық желісі арқылы еріген қар суы тасып, алаңды су басуы салдарынан кәмелетке толмаған үш ер бала елді мекеннен жырақта қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін балалардың алаңда ойнап жүріп, еріген қар суының көтерілуі салдарынан үйлеріне өздігінен орала алмағаны анықталды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері мен техникасының күшімен балалар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Балаларға медициналық көмек қажет болмады.

Алматы облысының ТЖД ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға