Алматы облысында туристер тауда адасып қалған
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
31.08.2024 13:43
578
Іле Алатауы тауларында құтқарушылар үш адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылдары туған үш жас жігіт тауға шыққан. Олар қараңғыда «Лесной» асуынан төмен түскен кезде адасып кетіп, құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға