Алматы облысында тауға шыққан жасөспірімдер құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
27.10.2024 10:11
452
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жас туристерді таудан түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп "Панорама" шыңында құтқару лашығында табылды.
Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
Келесі жаңалық
Туризм және спорт министрінің кеңесшісі тағайындалды