Жаңалықтар

Алматы облысында тауда жоғалған балықшылар табылды

Алматы облысында тауда жоғалған балықшылар табылды
Фото: ТЖМ 23.03.2025 10:21 570

Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 наурыз күні кешке Алматы облысы ТЖД 112 пультіне таңертең ерте бес адам Ұзын-Қарғалы өзенінің бойындағы Қарғалы ауылының тауларына балық аулауға барғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Топтан тек бір адам өздігінен түсіп, қалған төртеуінің (бір ересек және үш жасөспірім) қайда екендігі белгісіз болды.

3 бірлік техника, 2 ұқышсыз ұшу аппараты, 2 кинологиялық есеп және 2 спутниктік телефон арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған 13 құтқарушы балықшыларды Ұзынқарғалы бөгетінен 15 км жоғары ашық аумақта тапты.✅

Жоғалған адамдардың жағдайы тұрақты. Ешкімге медициналық көмек қажет емес. Құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар таудан түсіріліп, елді мекенге жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға