Жаңалықтар

Алматы облысында тәртіп сақшысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Алматы облысында тәртіп сақшысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: Видеодан кадр 13.06.2024 21:47 304

12 шілдеде әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол таңбалау ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында 20 жастағы жолаушы полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірді.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды Болған оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға