Жаңалықтар

Алматы облысында сүт өндірісі саласындағы біліктілікті арттыру жүргізіледі

Алматы облысында сүт өндірісі саласындағы біліктілікті арттыру жүргізіледі
Фото: © iStock 25.10.2023 02:34 1041

Бүгін Панфилов ауылында сүт өндірушілерге арналған консалтинг және оқыту орталығының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Германияға сапары аясында GFA Consulting Group GmbH (Германия), Қазақ агротехникалық университеті және «Байсерке Агро» Холдингі (Қазақстан) мал шаруашылығы саласының қызметкерлерін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты шартқа қол қойды. Шартқа сәйкес республикада сүт өндірушілерге арналған консалтинг және оқыту орталығы ашылуы тиіс. Жобаның бастамашысы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. Орталықтың жұмысы Уве Веддигенің басшылығымен KFM қазақстандық-неміс жобасы аясында жүзеге асырылады.

Алматы облысындағы «Байсерке Агро» оқу-ғылыми-өндірістік орталығының базасында сүт өндірісі саласындағы біліктілікті арттыру жүргізіледі. Осы мақсатта агрохолдинг практикалық дағдыларды алу үшін 30 орынға дайын жатақханасы бар инфрақұрылым, асхана, теориядан өту үшін оқу сыныптары, сиыр сауудың заманауи түрлері бар сүт-тауар фермасымен қамтамасыз етеді.

Орталықтың әлеуетті контингенті аграрлық университеттердің түлектері мен студенттері, фермалардың мамандары болады. Оқыту кадр тапшылығын азайтуға, жаңа және қолданыстағы сүт фермаларында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ сүт өндірісінде жұмыс істеуге жастарды тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, Сүт саласында практикалық дағдыларды игерудің арқасында шаруашылықтың рентабельділігін арттырып қана қоймай, қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу үшін сүт шикізатының сапасын жақсартуға болады, осылайша елдің импортқа тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендейді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта KFM жобасы елдің солтүстігінде жұмыс істейді, онда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 12 пилоттық шаруашылығының мамандары оқиды. Практикалық жұмыс сиырлардың өнімділігін арттыруға, жемге талдау жасауға, қожалықтағы жұмыс хаттамасын жасауға және сақтауға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға