Жаңалықтар

Алматы облысында суға батып кеткен баланы құтқарған жігіт марапатталды

Алматы облысында суға батып кеткен баланы құтқарған жігіт марапатталды
Фото: Алматы облысы ПД 15.07.2024 10:00 8027

Алматы облысында Үлкен Алматы каналына батып бара жатқан баланы құтқарған ер адам марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов бейбіт заманымыздың батырына алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Керемет тәрбие беріп, осындай елжанды, намысшыл нағыз батырды өсірген ата-анасына ерекше атап өткім келеді. Себебі, бөтен біреудің өмірін құтқару үшін өз-өзіне қауіп төндіру — әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл ең үлкен құрметке лайық, — деді Б. Әленов.

Осыған дейін Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков ерлік жасаған Серікжан Ботанға алғыс хатпен, сыйлыққа соңғы нұсқасындағы Ipad-ты табыс еткен еді.  

Айта кетейік, 10 шілде күні Алматы облысында 28 жастағы азамат суға батып бара жатқан баланы аман алып қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға