Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді. .деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты.
Министрліктің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады.
Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жағдайға мониторинг жасау жалғасуда.
Оған ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл елімізде газ өндіру 2,3%-ға артады
Келесі жаңалық
Францияда «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды