Жаңалықтар

Алматы облысында сел жүрді: оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр

Алматы облысында сел жүрді: оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ 21.07.2023 22:20 1059

Алматы облысының Қараарша ауылының Дегерес ауылдық округі елді мекенінде нөсер жауын-шашынның салдарынан еңіс пайда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы хабар Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне 21 шілдеде сағат 16:52-де түскен. Бұған дейін бірнеше ауылда сел жүргенін жазғанбыз

Алматы облысы ТЖД, сондай-ақ Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарынан 30 адам және 2 бірлік техника күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

Алматы облысында сел жүрді: оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр

Облыстық ТЖД мәліметінше, Ұзынағаш-Бесмойнақ облыстық маңызы бар автомобиль жолындағы автожол төсемін тасқын су шайған.

Қолданыстағы жасанды құрылыстар (құбырлар) су ағынына төтеп бере алмады. Нөсерлі кәріз жүйесі және жасанды құрылыстар (құбырлар) жоқ, осыған байланысты су ағынын ағызу жол төсемі арқылы жүреді. Жол бойында әртүрлі фракциялардың лай мен тастарынан шөгінділер пайда болды, салдарынан автожолдың осы учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды. Сондай-ақ орташа қысымды газ құбырының учаскесі (шамамен 70-80 метр) бүлініп, Шиен ауылдық округі Шиен ауылының орталық көшесінде орналасқан 140-қа жуық аула аумағында су тасқыны болды, - делінген мәліметте.

Шиен ауылының халық саны 2 704 адамды, Қараарша ауылының халық саны 237 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта Ұзынағаш ауылында орналасқан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 30 адам, ТЖ бөлімі мен №4 өрт сөндіру бөлімінен 20 қызметкер және техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарынан 20 қызметкер және көмекші техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия тиісті жұмыстарды жүргізуде.

ТЖМ мәліметінше, қазір Ұзынағаш-Бесмойнақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының 54 км (Қараарша ауылы) жол қозғалысы қалыпқа келтірілді.

Алматы облысында сел жүрді: оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр

Жол төсемінде тастар мен балшықтан тазарту жұмыстары, арық желілері мен Ұзынағаш-Бесмойнақ тас жолының құбырлы өткелін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су басқан үйлердің аулаларында су айдау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау және қалпына келтіру жұмыстары кезінде авариялық қызмет қызметкерлері 3 елді мекенді (Сұңқар, Қарарша, Бесмойнақ) газбен жабдықтаудан ажыратты, - дейді жауапты орган өкілдері.

Су деңгейі төмендеген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға