Жаңалықтар

Алматы облысында сауда-ойын-сауық орталығында оқу-жаттығулар өткізілді

Алматы облысында сауда-ойын-сауық орталығында оқу-жаттығулар өткізілді
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 03.03.2024 17:22 608

Алматы облысында сауда-ойын-сауық орталығында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қонаев қаласында орналасқан «Qonaev city» сауда-ойын-сауық орталығында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:

- жоғары дәрежелі нөмір бойынша шығу кестесіне сәйкес күштер мен құралдарды шығару;
- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен мектеп қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимыл;
- өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, шешуші бағытты таңдауда, жағдайды бағалауда бірінші келген және кейінгі РТП дағдыларын жетілдіру;
- өрттегі штаб пен тыл жұмыстары;
- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына күштер мен құралдарды шоғырландыру уақыты;
- жеке құрамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауы.
- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізуге Алматы облысы ТЖД жеке құрамының 27 қызметкері және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға