Жаңалықтар

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды
Фото: polisia.kz 13.12.2022 20:45 1099

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.

Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар газ тапаншасы, Ф-1 екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патроны бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласы ПБ-ға тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға