Алматы облысында қар көшкіні мен су тасқыны учаскелері анықталды
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
10.03.2024 16:44
723
Алматы облысында су басу қаупі бар аймақтарды әуеден визуалды тексеру жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Әуеден шолу Іле және Күнгей Алатау жоталарының өзен алаптары бойымен Талғар өзені алабынан Шелек өзені алабына дейін жүзеге асырылды.
Морена көлдері қысқы режимде тұр. Ақпан және наурыз айларындағы бірқатар жер сілкінісінің морена көлдерінің жағдайына теріс әсер ету белгілері байқалған жоқ, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, жүргізілген шолу көлдердегі су деңгейі максималды деңгейден айтарлықтай төмен екенін көрсеткен.
Сонымен қатар, ұшу барысында айтарлықтай көлемдегі жаңа қар көшкіні байқалмады.
Биік таулы аймақта жекелеген қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл адамдар мен жабайы жануарлардың көшкін қаупі бар беткейлерді кесіп жүруіне байланысты болады, - деп хабарлады құтқарушылар.
Құтқарушылар сел жүретін өзендердің арналары таза екенін баса айтты.
Таулардағы орташа биіктікте қар жамылғысы қарқынды еріп жатқан жоқ, ал беткейлерде қардың айтарлықтай қоры бар, деп атап өтті ведомстводағылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанда қар суы арнайы техникамен шығарылып жатыр