Жаңалықтар

Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды

Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.01.2025 11:02 111

16 қаңтарда Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне хабарлама түскен. Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы өзіне суицид жасамақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшіліктегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев барды.

Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты.

Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді. Бақытына орай, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыра алды, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға