Алматы облысында өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арнайы сабақтар өткізілді
«Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ қызметкерлері үшін қызметтік дайындық шеңберінде Алматы облысы ПД ӘПБ жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Е.Ниязбаевпен қызметтік және жеке автокөліктердегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жоспардан тыс сабақ өткізілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Сабақтар бейнеконференция арқылы өткізілді.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері облыс аумағындағы жолдардағы апатты жағдайлар туралы, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең көп тараған түрін және ол үшін қолданылатын шаралар туралы айтты. Сондай-ақ, олар арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды қолдану ережелеріне назар аударды.
Сабақ қорытындысы бойынша жол қозғалысына қатысты Қызметтің жеке құрамына қатысты сұрақтар қойылды.
Қызметтің жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалыс ережелерін сақтау жөніндегі алдын алу шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.
Тоқсан сайын Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен жол козғалыс ережелерін бұзушылықтары ақпараттық қызмет жүйесінің бірыңғай базасымен тексеріс жүргізіледі.
Күн сайын жүргізуші қызметкерлерге ауа райы жағдайы және жолдардың жағдайлары жеткізіледі.
Жол-патрульдік қызметкерлерін тарта отырып, қолайсыз ауа-райы және қиын жолдарда автокөліктерді басқару бойынша жүргізуші құраммен және жеке автокөлік иелерімен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру сабақтары тоқсан сайын өткізіледі.