Алматы облысында мұғалімдерден заңсыз жарна ұсталған

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
11.04.2025 11:46
559
Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған.
Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды, - делінген мәліметте.
Бұл түрдегі сақтандырудың азаматтардың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап өту маңызды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Шымкентке барды
Келесі жаңалық
Елімізде Al Jazeera медиакорпорациясының қосыны ашылмақ