Жаңалықтар

Алматы облысында мұғалімдер жарты жылдан аса жалақы алмаған

Алматы облысында мұғалімдер жарты жылдан аса жалақы алмаған
Фото: El.kz 19.11.2024 13:05 374

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мекеме жарты жыл бойы 56 мұғалімге еңбекақы төлемей, 40 млн теңге қарыз болған.

Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтердің еңбек құқығы толық көлемде қалпына келтірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға