Жаңалықтар

Алматы облысында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен ұрған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен ұрған күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан кадр 16.07.2024 10:50 523

Алматы облысында байкерлерге шабуыл жасады деген күдіктілердің ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге қамшы сілтеген үш күдіктіні ұстады.

Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, мотоцикл жүргізушілері ұсталғандардың малын үркіткен. Полиция департаменті өкілінің мәлімдеуінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 14 шілде күні «Известковый» тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті. Жәбірленушілер сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға