Жаңалықтар

Алматы облысында министрлік өкілдері кәсіпкерлерімен салық реформасын талқылады

Алматы облысында министрлік өкілдері кәсіпкерлерімен салық реформасын талқылады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 16.02.2025 03:28 643

Алматы облысының кәсіпкерлерімен ұсынылып отырған салық реформалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов пен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Шаймаханов салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша Алматы облысында кеңес өткізді. 

Талқылаудың негізгі тақырыбы салық реформасы, салық салу жүйесіндегі өзгерістер, соның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және сараланған тәсілді енгізу болды. Талқылау барысында Алматы облысы бизнес-қоғамдастығының өкілдері алдағы салықтық өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдірді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сауда және қызмет көрсетудің салалық кеңесі төрағасы Әсет Талғатбек арзан несиелер үшін базалық мөлшерлемелерді төмендетуді және салық төлеу жүйесін жеңілдетуді ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға