Жаңалықтар

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды
02.09.2019 15:58 3854

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының аясында «Жібек жолы Жетісудан басталады» атты экспедиция ұйымдастырылды. 

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Экспедицияның алғашқы күні қатысушылар Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданындағы Ерең тоғай демалыс орнында ауыл жастарымен сенбілік өткізіп, Шарын шатқалына бет бұрды.

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Екінші күні экспедиция мүшелері Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайында болып, экспозицияларды аралап көрді. Есік қорғанында табылған әйгілі «Алтын Адам» көрмесімен танысты. 

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Одан әрі қатысушылар Талғар ауданының Жаңалық ауылында Саяси қуғын-сүргін  құрбандарына арналған мұражайда болды. Экспозициялық залда Ұлт қайраткерлері туралы материалдар қойылып, осы жерде жерленген 4 мыңнан аса саяси-қуғын сүргін құрбандарының аты-жөндері тас тақтаға ойылып жазылған.

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Шымкент қалалық ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев «Жібек жолы өркениетаралық көпірдің рөлін сақтап, соңғы онжылдықта бастапқы мәнін қайта жандандыра түсуде», - деп атап өтті.

«Жібек жолы Жетісудан басталады» атты ғылыми-танымдық экспедциясы Алматы қаласында өз мәресіне жетті.

Алматы облысында Ұлы Жібек жолы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға