Алматы облысында көшеде көкпар тартқандар ұсталды

Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандар ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департамент басшысының мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 21:40-та Қонаев қаласындағы «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түсті.
2 қыркүйекте 1979 жылы туған азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаланың шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық ПБ-на жеткізді, - деді Бауыржан Аленов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көкпарға қатысқан барлық адамдар Р ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
