Алматы облысында кісі өлтірмекші болған 4 күдікті ұсталды
Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр
Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді.
Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Ұйғыр аудандық ПБ-де тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласында тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды.
Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның бас аймағына дене жарақатын салғаны анықталды.
Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
